
Күннен қорғайтын крем
Мерзімі біте ме?
Күннен қорғайтын кремнің
жарамдылық мерзімін түсіну

Күннен қорғайтын кремнің жарамдылық мерзіміне келгенде, өнімдердің ашылмаған және ашылған күйдегі ұзақтығын және жарамдылық мерзімін қалай анықтау керегін білу маңызды.
- Ашылмаған күннен қорғайтын кремнің жарамдылық мерзімі:Ашылмаған күннен қорғайтын крем, әдетте, құрамына және қаптамасына байланысты 2–3 жылға дейін жарамды болады. Белсенді ингредиенттердің түрі оның қаншалықты тез ыдырайтынына әсер етеді. Ауа кірмейтін, жарық өткізбейтін сапалы қаптама формуланы жарық пен ауадан қорғай отырып, тиімділігін сақтауға көмектеседі. Ең жақсы нәтиже үшін күннен қорғайтын кремді салқын, құрғақ жерде, тікелей күн сәулесі мен ыстықтан аулақ жерде сақтаңыз.
- Жарамдылық мерзімін қалай табуға болады:Күннен қорғайтын өнімдердің көбінде нақты жарамдылық мерзімі емес, ашылғаннан кейінгі қолдану кезеңі көрсетіледі. Күннен қорғайтын кремдегі ашылғаннан кейінгі қолдану мерзімі (PAO) қаптамадағы ашық банка белгісімен белгіленеді және ол ашылғаннан кейін өнім қанша уақытқа дейін тиімді болатынын көрсетеді. Банка белгісінің жанында «12M» сияқты сандар жазылады, бұл 12 ай дегенді білдіреді. Салқын әрі қараңғы жерде сақталған ашылмаған күннен қорғайтын кремді 2–3 жыл ішінде пайдалану ұсынылады. Егер ашылмаған кремнің консистенциясы, иісі немесе түсі өзгерсе, оны жаңасына ауыстырған дұрыс.
Кейбір өнімдерде қаптамадағы құм сағат белгісінің жанында көрсетілген жарамдылық мерзімі болады. Мұндай жағдайда көрсетілген күннен кейін өнімді міндетті түрде ауыстырған жөн.
NIVEA күннен қорғайтын крем өнімдерінде жарамдылық мерзімі емес, тек ашылғаннан кейінгі қолдану мерзімі ғана көрсетіледі.
Күннен қорғайтын кремнің әсер ету ұзақтығы:
ашылғаннан кейін қанша уақытқа дейін тиімді?
Күннен қорғайтын крем, жалпы алғанда, ашылғаннан кейін 6–12 айға дейін жарамды, бірақ бұл көрсеткіш өнімге байланысты өзгеруі мүмкін. Қаптамадағы ашық банка белгісін қарап, ашылғаннан кейін қанша уақытқа дейін тиімді екенін біліңіз. Мысалы, NIVEA Protect and Moisture Sun Lotion FPS30 өнімінің артқы жағында ашық банка белгісінің қасында «12M» көрсетілген.
Жаңа күннен қорғайтын кремді ашқанда, мүмкін болса, ашылған күнін белгілеп қойыңыз. 12 айдан асқан ашық қаптаманы қолданбаған дұрыс.
Күннен қорғайтын кремді ұсынылған мерзім ішінде пайдалану УК сәулелерден тиімді қорғау үшін өте маңызды, бұл күнге күюден және күннен зақымдалған тері тәуекелін төмендетуге көмектеседі.
Күннен қорғайтын кремді сақтау
және дұрыс орны туралы 3 кеңес

Күннен қорғайтын кремдегі тері күтіміне арналған ингредиенттер уақыт өте келе табиғи түрде ыдырауы мүмкін, бірақ оны дұрыс сақтау бұл процесті баяулатуға көмектеседі. Тиімділігін сақтау үшін мына үш кеңеске назар аударыңыз:
- Қараңғы жерде сақтаңыз:
Күннен қорғайтын кремді тікелей күн сәулесінен алыс жерде – шкаф немесе тартпада сақтаңыз, себебі УК сәулелер ингредиенттердің ыдырауын жылдамдатады.
- Ыстықтан қорғаңыз:
Күннен қорғайтын кремді салқын, құрғақ жерде сақтаңыз, бұл формуланың бұзылуын және тиімділігінің төмендеуін болдырмауға көмектеседі.
- Ылғалдан сақ болыңыз:
Жуынатын бөлме сияқты ылғалды орындарда сақтаудан аулақ болыңыз, себебі ылғал ингредиенттердің бөлінуіне немесе тіпті зеңнің пайда болуына әкеліп, күннен қорғайтын кремнің қызмет ету мерзімін қысқартады.
Күннен
қорғайтын кремнің тиімділігі
Күннен қорғайтын крем, әдетте, SPF деңгейіне және белсенділікке байланысты шамамен екі сағаттай қорғаныс береді. Суға түскеннен немесе қатты терлегеннен кейін кремді бірден қайта жағу үздіксіз қорғанысқа ықпал етеді. Сондай-ақ, терінің қауіпсіздігі үшін әр екі сағат сайын қайта жағу ұсынылады.
Судың әсері, терлеу және киімнің үйкелісі сияқты сыртқы факторлар уақыт өте келе күннен қорғайтын кремнің тиімділігін төмендетуі мүмкін. SPF деңгейі төмен немесе жеткіліксіз жағылған крем аз қорғаныс береді, сондықтан оны жиірек қайта жағуды қажет етеді.

NIVEA Sun UV Face
Specialist Triple Protect SPF 50+
Формула құрамында E дәрумені, гиалурон қышқылы және балдыр сығындысы бар, олар теріні ылғалдандырып, қоршаған орта әсерінен қорғайды. Күнделікті қолдануға қолайлы бұл жоғары тиімді өнім тері тесіктерін бітемей, бет терісін тегіс әрі жарқыраған күйде қалдырады,
Мерзімі өтіп
кеткен күннен қорғайтын кремді қолдануға бола ма?
Жоқ, мерзімі біткен күннен қорғайтын кремді қолданбаған дұрыс. Мұндай кремді пайдалану теріні зиянды УК сәулелерден қорғау деңгейін айтарлықтай төмендетіп, әсіресе әлсіз немесе иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда микробтық ластану болған жағдайда инфекция қаупін арттыруы мүмкін. Белсенді ингредиенттер уақыт өте келе ыдырап, УК сәулелерді бөгеп немесе сіңіріп алуда тиімділігін жоғалтады. Бұл жеткіліксіз қорғанысқа, терінің зақымдалуына және күнге күю қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қаптамадағы жарамдылық мерзімін немесе ашылғаннан кейінгі қолдану кезеңін әрдайым тексеріп, теріні сенімді қорғау үшін күннен қорғайтын кремді уақтылы жаңартып отырыңыз.
Күннен қорғайтын крем
Сақтау:
Күннен қорғайтын кремді салқын, құрғақ жерде, тікелей күн сәулесі мен ыстықтан алыс сақтаңыз. Қолданғаннан кейін қаптаманы ауаның және ылғалдың кіруіне жол бермеу үшін мықтап жауып қойыңыз. Жуынатын бөлме сияқты ылғалды орындарда сақтаудан аулақ болыңыз.
Қолдану:
Күнге шығардыңыз алдында күн сәулесіне ашық барлық тері аймақтарына кремді молынан және біркелкі етіп жағыңыз. Әр екі сағат сайын қайта жағу ұсынылады.
Әсер ету ұзақтығы:
Күннен қорғайтын крем теріде, әдетте, шамамен екі сағатқа дейін қорғаныс береді, белсенділікке және күн сәулесіне әсеріне байланысты оны әр екі сағат сайын немесе жиірек қайта жағу қажет болуы мүмкін.
Жарамдылық мерзімі:
Қаптамадағы белгілерді тексеріп, мерзімі біткен кремді қолданбаңыз. Түсі, текстурасы немесе иісі өзгерген күннен қорғайтын кремді тастаған дұрыс.
Күннен қорғайтын
құралдар сіз үшін

NIVEA Sun Care әртүрлі тері түрлері мен қажеттіліктерге сәйкес күннен тиімді қорғайтын өнімдер қатарын ұсынады. NIVEA күннен қорғайтын құралдары кең спектрлі УК қорғаныспен қатар теріні нәрлендіреді. Оларды жүйелі қолдану күнге күйюдің, ерте қартаюдың және терінің ұзақ мерзімді зақымдануының алдын алуға көмектеседі.
NIVEA SUN Protect & Moisture Spray SPF 50+ құрамында E дәрумені мен глицерин бар, олар теріні ылғалдандырып, қорғауға көмектеседі.
Бетке арналған NIVEA күннен қорғайтын құралдары нәзік бет терісін қорғап, күтуге бағытталған арнайы формулалармен қамтамасыз етеді. Жеңіл, майландырмайтын текстуралардан бастап жасқа қарсы әсерлі шешімдерге дейінгі әр өнім жоғары SPF деңгейін тері күтімі пайдасымен ұштастырып, күн астында бет терісінің жарқыраған көрінісін сақтауға көмектеседі.
NIVEA UV Face Anti-Age Q10 Cream SPF 50 құрамындағы Q10 коэнзимі теріні ылғалдандырып, күннен туындауы мүмкін әжімдер сияқты қартаю белгілерінің алдын алуға көмектеседі, сондықтан бұл күннен қорғайтын крем ересек теріге өте қолайлы.
Балаларға арналған NIVEA күннен қорғайтын құралдар нәзік бала терісіне арнап әзірленген жұмсақ әрі тиімді қорғаныс береді. Өте жоғары SPF (күннен қорғау факторы) деңгейі және суға төзімді формуласы арқасында олар даладағы ойындар мен белсенділіктер кезінде сенімді қорғаныс ұсынады. NIVEA SUN Kids Protect & Care арнайы балаларға арналған, теріні жоғары SPF-пен қорғайтын әрі жас, сезімтал теріге жұмсақ әсер ететін формуласы бар күннен қорғайтын крем.