
ECOBEAUTY
SCORE
Сұлулық пен тері күтімі бөліміндегі тұрақтылық туралы сан алуан уәделерден басың шыр айналып жүр ме?
№1 жаһандық тері күтімі бренді* ретінде, біз сені неғұрлым саналы, тұрақты таңдау жасауға қолдағымыз келеді. Сондықтан біз EcoBeautyScore ассоциациясына қосылдық – 70-тен астам косметика компаниялары мен қауымдастықтарды біріктіріп, косметикалық өнімдерге арналған қоршаған ортаға әсерді бағалау және балдық бағалау жүйесін әзірлейтін жаһандық бастама. Бұл жүйе ғылымға негізделген және тәуелсіз түрде тексерілген.
Бұл жүйе сүйікті өнімдеріңнің қоршаған ортаға әсерін түсінуді жеңілдетеді.
EcoBeautyScore жүйесін түсіну
БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

“A” бағасын алатын өнімдер өз санатындағы ең үздіктердің қатарында болып саналады, яғни олардың қоршаған ортаға әсері төмен. Ал “E” бағасын алатын өнімдердің әсері жоғары, сондықтан олардың экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға баса назар аударылады. Өнімдердің балдарын тек бір санат ішіндегі өзге өнімдермен ғана салыстыруға болады (мысалы, бетке арналған күтім), бұл саған ұқсас өнімдерді оңай салыстырып, саналы әрі тұрақты таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Біздің басты мақсатымыз – сенің теріңмен үйлесетін, сен күткен күтім, тиімділік және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өнімдер ұсыну, олардың бағасы қандай болса да.
Қоршаған ортаға әсер бағаларын онлайнда таңдалған өнім санаттары үшін таба аласың, мысалы, бетке арналған күтім. Басқа санаттар мен өнімдерге арналған бағалар біртіндеп қосылады.
EcoBeautyScore жүйесін түсіну
ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

Әр түрлі планеталық әсерлер – климат, су ресурстары және жердегі биоалуантүрлілік (мысалы, ормандардың кемуі) – өнім өмірінің әр кезеңі үшін есептеліп, біріктіріледі. Бұл – өнімнің қоршаған ортаға әсерін бағалауда ғалымдар ең жиі қолданатын тәсіл.
Әдістеме ғалымдармен бірлесіп әзірленіп, тәуелсіз сарапшылар панелі** арқылы сырттай қаралған. Бағаны пайдалану үшінші тараппен тұрақты түрде аудиттен өтеді.
Әдістеме туралы көбірек білгің келсе:

БІЗДІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНҒАН ӨНІМДЕРІМЕН ТАНЫС
Жиі қойылатын сұрақтар
**EcoBeautyScore әдістемесі мен платформасын Ecocert тобының кеңес беру бөлімшесі E&H қарастырып, Еуропалық комиссияның PEF әдістемесі қағидаларына және ISO 14020/14025 стандарттарына сәйкестігін тексерген. EcoBeautyScore әдістемесі мен платформасы 2025 жылдың 26 мамырында тексерілді және расталды:


