Жануарларға
ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАУ
ONE SKIN. ONE PLANET. ONE CARE.
Жануарларға құрметпен қарау
Жануарларға құрметпен қарау – біздің тәсіліміздегі маңызды бөлік. Көптеген адамдарды жануарларға жасалатын сынақтар және вегандық тері күтімі өнімдері қызықтыратынын білеміз, сондықтан бұл тақырыптар туралы ашық әрі түсінікті ақпарат бергіміз келеді.
NIVEA жануарларға жасалатын сынақтарға үзілді-кесілді қарсы және құрамында жануарлардан алынған ингредиенттер жоқ вегандық тері күтімі өнімдерінің кең таңдауын ұсынады. Сондай-ақ біз жауапты шикізат сатып алу және биоалуантүрлілікті ескеру стандарттарымызды қолдайтын жеткізушілермен және бағдарламалармен жұмыс істейміз.

NIVEA-ның жануарларға жасалатын сынақтар туралы ұстанымы
NIVEA жануарларға жасалатын сынақтар косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеу үшін міндетті емес деп санайды. 40 жылдан астам тәжірибеміздің арқасында Beiersdorf балама сынақ әдістерін әзірлеуге және оларды қолдануға белсенді қатысып келеді. 1992 жылы Beiersdorf зерттеушілері ресми түрде қабылданған алғашқы балама тестілеу әдістерінің бірін әзірлеуге өз үлесін қосты.
Біз балама ғылыми әдістерді жаһандық деңгейде мойындатуды қолдаймыз және олардың дамуы мен танылуын алға жылжыту үшін ғылыми сарапшылармен, салалық қауымдастықтармен және басқа да мүдделі тараптармен жұмыс істейміз. Мақсатымыз – болашақта косметикалық өнімдердің қауіпсіздігін жануарларға сынақ жасамай-ақ бағалауға мүмкіндік беру.

Неге NIVEA «Жануарларда сыналмаған» немесе «Cruelty Free» сияқты мәлімдемелерді қолданбайды?
Еуропалық Одақта жануарларда сыналған косметикалық өнімдерді сату 2004 жылдан бері, ал 2013 жылдан бастап косметикалық ингредиенттер үшін де тыйым салынған. NIVEA бұл заң талаптарын қолдайды және толық сақтайды.
Сондықтан ЕО аумағында сатылатын барлық косметикалық өнімдер жануарларға жасалатын сынақтарға қатысты бірдей заң талаптарына сай болуы тиіс. Осы себепті NIVEA ЕО-да сатылатын өнімдеріне «жануарларда сыналмаған» немесе «cruelty free» сияқты мәлімдемелерді қолданбайды.
Біз бұның орнына жануарларға жасалатын сынақтар туралы ұстанымымыз және балама тестілеу әдістерін әзірлеу мен ілгерлетуге бағытталған көп жылдық жұмысымыз жайлы ашық және түсінікті ақпарат беруді дұрыс деп санаймыз.

Вегандық косметика деген не?
«Вегандық косметика» термині құрамында жануарлардан алынған ингредиенттер жоқ өнімдерді білдіреді. Бұған тері күтімі, дене күтімі және басқа да косметикалық өнімдер кіреді.
Кейбір косметикалық ингредиенттер балауыз, бал немесе сүт сияқты заттардан алынуы мүмкін. Вегандық өнімдерде мұндай ингредиенттер олардың өсімдік текті немесе басқа баламаларымен алмастырылады.
Көптеген адамдар вегандық өнімдерді өмір салтының немесе жеке ұстанымдарының бір бөлігі ретінде таңдайды. Сондықтан NIVEA құрамында жануарлардан алынған ингредиенттер жоқ вегандық тері күтімі өнімдерінің кең таңдауды ұсынады.

NIVEA биоалуантүрлілікті қалай қолдайды?
Биоалуантүрлілік – біздің жауапты шикізат сатып алу тәсіліміздегі маңызды фактор. Жеткізушілермен, серіктестермен және жергілікті қауымдастықтармен бірлесе отырып, Beiersdorf негізгі шикізат жеткізу тізбектері мен жерді пайдалану тәжірибесіне қатысты бастамаларға қатысады.
Соның бір мысалы – Малайзияның Сабах аймағындағы ландшафтық жоба, онда Beiersdorf серіктестерімен бірге жауапты пальма майын өндіруді қолдап, жеткізу тізбегіндегі ашықтықты арттыру бағытында жұмыс істейді. Жоба сонымен қатар аймақтағы тіршілік ету орталарын байланыстыру және жерді басқару бойынша іс-шараларды қамтиды.
Осы бастаманың аясында біз фермерлермен және жергілікті серіктестермен пальма майын өсіруді RSPO стандартына сай жүргізуді қолдаймыз.

One Skin. One Planet. One Care.
NIVEA-дағы тұрақтылық туралы ақпаратты мүмкіндігінше ашық әрі түсінікті жеткізуге тырысамыз. Егер біздің міндеттемелеріміз, мақсаттарымыз және қол жеткізген нәтижелеріміз туралы толығырақ білгің келсе, NIVEA-ның бас компаниясы – Beiersdorf-тың
тұрақтылыққа арналған веб-сайтына кіре аласың.