
Табиғи негіздегі
органикалық ингредиенттер
БІР ТЕРІ. БІР ПЛАНЕТА. БІР КҮТІМ.

Табиғи негіздегі ингредиенттер, яғни табиғи шыққан ингредиенттер – табиғатта кездесетін шикізаттан жасалады. Олар өсімдіктерден, мысалы тамырлардан, шөптер мен гүлдерден, сондай-ақ минералдардан немесе жануарлардан алынған материалдардан болуы мүмкін. Кейбірі көпке танымал, мысалы алоэ вера, ал басқалары саған онша таныс болмауы мүмкін – мысалы бензил спирті, ол бірнеше өсімдікте табиғи түрде кездесетін консервант.
Бұл материалдар косметикалық өнімдерде қолданылмас бұрын өңдеуден өтетіндіктен, біз оларды жай ғана «табиғи ингредиенттер» емес, «табиғи негіздегі ингредиенттер» немесе «табиғи шыққан ингредиенттер» деп атаймыз. Ингредиент табиғи негіздегі болып саналуы үшін өңделгеннен кейін өзінің молекулалық құрылымының немесе табиғи күйінің 50%-дан астамын сақтауы керек.
NIVEA-да біз формулаларымызда мүмкін болған жерде табиғи шыққан ингредиенттерді көбірек қолдану үшін үнемі жұмыс істейміз. Жаңа формулалар әзірлегенде, ингредиенттерді терімен үйлесімділігі, өнімнің әсері және қоршаған ортаға ықпалы сияқты факторлар бойынша мұқият бағалаймыз.
Табиғи негіздегі ингредиенттері бар NIVEA өнімдері
NIVEA-да тұрақтылық туралы ашық әрі түсінікті ақпарат беруге біз жауаптымыз. Егер біздің міндеттемелеріміз, мақсаттарымыз және осы жолдағы жетістіктеріміз туралы толығырақ білгің келсе, NIVEA-ның ана компаниясы Beiersdorf-тың тұрақтылыққа арналған веб-сайтына кіріп шық.

