
Терінің сусыздануы неліктен болады және
оны қалай алдын алуға болады?
Сусызданған тері
ДЕГЕН НЕ?

Сусызданған тері дегеніміз – тері жасушаларында су жеткіліксіз болған жағдай. Су жетіспеген кезде тері ылғалды жоғалтып, құрғақтық, қышу және реңкі күңгірттеніп, солғын көрініс пайда болуы мүмкін.
Бұл мәселе терінің біркелкі емес реңкі мен құрылымына әкеліп, көз астындағы, маңдайдағы және әжімдер айқын көрінетін болады.
Дегенмен, сусызданған теріні қарапайым өмір салтына өзгерістер енгізу арқылы тиімді түрде жақсартуға болады. Теріні сумен қанықтыруға және ылғалды сақтауға көңіл бөлу арқылы оның табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектесе аласыз.
Сусызданған тері мен
ҚҰРҒАҚ ТЕРІНІҢ айырмашылығы
Көп жағдайда сусызданған теріні құрғақ терімен шатастырады. Құрғақ тері майдың жеткіліксіз бөлінуінен пайда болады, бұл тартылу сезімін және қабыршақтануды туындатуы мүмкін.
Құрғақ тері — қалыпты, аралас және майлы терімен қатар белгілі бір тері түрлері қатарына жатады. Ал сусызданған тері – су жетіспегеннен туындайтын күй, ол терінің жарқырауын жоғалтып, жайсыздық сезімін тудыруы мүмкін.
Сусызданған тері қалай көрінетінін және осы екі мәселенің айырмашылығын білу – әрқайсысына дұрыс күтім көрсету үшін өте маңызды.

Терінің
СУСЫЗДАНУЫНА НЕ СЕБЕП БОЛАДЫ?
Сусызданған тері – тері жасушаларында су мөлшерінің жеткіліксіз болуы, мұндай күйге әкелетін факторлар өте көп.
Міне, терінің сусыздануының 4 кең тараған себебі:
- Ауа райы жағдайлары:Суық жел, құрғақ ауа, төмен ылғалдылық және қатты ыстық сияқты қатал ауа райына жиі ұшырау терідегі табиғи ылғалды азайтып, оны сусыздандырады.
- Суды жеткіліксіз ішу:Күні бойы суды аз ішу немесе алкоголь мен көп мөлшерде кофеин сияқты сусыздандыратын сусындарды жиі тұтыну.
- Өте ыстық душ:Ұзақ уақыт өте ыстық сумен жуыну терінің табиғи майлары мен ылғалын кетіріп, оны құрғатып жібереді.
- Жұмсақ тері күтімін елемеу:Қатты әсер ететін ингредиенттері бар тері күтімі өнімдерін қолдану терінің табиғи қорғаныс қабаты мен ылғал тепе-теңдігін бұзуы мүмкін.
Сусызданған терінің
ҚАНДАЙ БЕЛГІЛЕРІ БАР?
Сусызданған терінің белгілерін түсіну – дұрыс күтім жасап, тиімді ем қолдану үшін өте маңызды.
Міне, бет пен денеде байқалатын 7 жиі кездесетін белгі:

- Құрғақтық:Сусызданған тері көбіне сипағанда құрғақ болып сезіледі және ылғал жетіспегендіктен тартылу, жайсыздық пайда болады.
- Қышу:Сусыздану қышу сезіміне және тері бетінде тітіркенуге әкелуі мүмкін.
- Реңктің күңгірттенуі:Терінің түсі күңгірт, шаршаңқы болып көрініп, жақсы ылғалданған жарқыраған теріге тән сау жылтырлығын жоғалтуы мүмкін.
- Терінің реңкі біркелкі болмауы:Сусыздану терінің тепе-теңдігін бұзып, жалпы реңкі біркелкі емес болып көрінуі мүмкін. Кей аймақтарда күңгірт дақтар немесе солғын, «өлі» сияқты көрінетін учаскелер пайда болады.
- Ұсақ сызықтар мен әжімдердің айқын көрінуі:Сусызданған тері ұсақ сызықтар мен әжімдерді айқындап көрсетеді, соның салдарынан олар бұрынғыдан да анық көрінеді.
- Көз астындағы қара шеңберлер:
Ылғалдың жетіспеуі көз астындағы қара шеңберлердің және көз астындағы сусыздану сызықтарының пайда болуына ықпал етіп, жалпы жүздің шаршаңқы, қалжыраған көрінуіне әкелуі мүмкін.
- Құрғап жарылған ерін:
Сусыздану еріндегі нәзік теріге әсер етіп, құрғақтыққа, жарылуларға және қабыршақтануға әкелуі мүмкін.
Бұл белгілерді ерте байқап, тиісті әрекет ету арқылы мәселені дер кезінде шешуге болады.
Сусызданған теріге
КӨМЕКТЕСЕТІН 5 КЕҢЕС
- Жылы сумен жуыныңыз:Өте ыстық су терінің күйін одан әрі нашарлатып, сусыздануды күшейтуі мүмкін. Бет пен денені жуған кезде мүмкіндігінше жылы, яғни жылысуық суды пайдаланыңыз.
- Жұмсақ күтім құралдарын таңдаңыз:Қатты әсер ететін құралдар терідегі ылғалды кетіріп, оны одан сайын құрғатып жіберуі мүмкін. Оның орнына теріні жақсы ылғалдандыратын және нәрлендіретін, жұмсақ, күтім формуласы бар өнімдерді таңдаңыз – олар теріңіздің сыртқы түрін нәзік әрі саулы етіп көрсетеді.
- Жұмсақ қабыршақтандырғыштарды қолданыңыз:Терідегі өлі жасушаларды кетіруге арналған щеткалар мен қатты құралдар танымал болғанымен, олар сезімтал және сусызданған теріні тітіркендіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан теріңіздің ерекшелігіне сай, жұмсақ әсер ететін қабыршақтандырғышты таңдап, шамадан тыс тітіркенуден аулақ болған дұрыс.
- Ылғалдандыратын крем қолданыңыз:Тек майлы құрылымды ылғалдандырғыштарға сүйену жеткіліксіз болуы мүмкін. Суды жақсы ұстайтын, теріге ұзақ уақыт ылғал беретін кремді таңдап, оны таңертең және кешке тұрақты түрде қолданыңыз – бұл теріңізді үздіксіз нәрлендіріп, реңкін жарқырата түседі.
- Іштен ылғалдандырыңыз:Күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішуге тырысыңыз. Гидратация – іштен басталады, сондықтан ағзаны сумен жақсы қанықтыру үшін күніне шамамен 2 литр су ішуге тырысыңыз. Бұл жалпы тері саулығын қолдауға көмектеседі.
Сусызданған теріге
КҮТІМ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ӨНІМДЕР

Теріңіздің, әсіресе сусызданған кезде, қажетті күтім алуы өте маңызды. Терінің күйін жақсарту үшін мынадай қарапайым күтім қадамдарын күнделікті тәртібіңізге енгізіп көріңіз.
Тазарту тәртібі:
Жұмсақ тазарту: Терінің табиғи ылғалын кетірмей, қоспалар мен кірді тиімді тазартатын жұмсақ бет тазартқышты қолданыңыз. Құрғақтық немесе тартылу сезімінсіз, теріні таза, сергіген және теңгерімді қалдыратын өнімдерге назар аударыңыз.
Мысалы, NIVEA Gentle Cleanser Cream Wash неғұрлым жұмсақ тазарту үшін қолайлы – құрамындағы табиғи бадам майы теріні нәзік тазалап, жұмсақ сезім сыйлайды.
Қалпына келтіретін тонер: Тері күтімі тәртібіңізге қайта ылғалдандыратын тонерді қосып, терідегі ылғал деңгейін қалпына келтіруге және сақтауға көмектесіңіз. Құрамында ылғалдандыратын және тыныштандыратын ингредиенттері бар тонерлер теріні келесі күтім қадамдарына дайындайды. Мысалы,
Құрғақ теріге арналған тиімді өнімдер теріні қажетті ылғал мен нәрмен қамтамасыз етіп, оның сау әрі жарқыраған көрінісін қалпына келтіруге көмектеседі
Күтім тәртібі:
Нәрлендіретін маскалар мен арнайы сарысулар: Теріні қосымша ылғалмен қамтамасыз ететін және оның күйін жақсартуға бағытталған маскалар мен арнайы сарысуларды қолданыңыз. Ылғалдандыратын және тыныштандыратын ингредиенттері бар маскаларды таңдаңыз, мысалы NIVEA Q10 Anti-wrinkle Power Serum Infused Firming Sheet Mask. Бұл маскадағы ерекше Q10 коэнзимі формуласы теріні ылғалдандырып, жалпы реңкін жандандыруға көмектеседі.
Егер көз астында, маңдайда немесе күлкі сызықтары аймағында сусызданудан пайда болған сызықтар мазаласа, NIVEA Q10 Targeted Wrinkle Filler Serum қолданып көріңіз – ол қартайған сайын пайда болатын қас арасындағы, көз айналасындағы және басқа
әжімдер
дің көрінуін азайтуға бағытталған. Ылғалдандыруды күшейтетін ылғалдандырғыштар: Арнайы сусызданған және құрғақ теріге арналған, теріні терең
- Күндізгі крем күн бойы теріні қажетті ылғалмен қамтамасыз етіп, оның табиғи қорғаныс қабатын қалпына келтіруге және құрғауға қарсы күресуге көмектеседі. NIVEA Q10 Anti-Wrinkle Extra Nourish 60+ Replenishing Day cream SPF 15 құрамында 100% органикалық аргандар майы бар, ол теріні жақсы ылғалдандырып, нәр береді.
- Түнгі крем ұйықтап жатқан кезде теріні терең ылғалдандырып, нәрлендіреді, осылайша ылғал деңгейін түні бойы қалпына келтіруге көмектеседі. NIVEA Q10 Anti-Wrinkle Power Revitalising Night Cream құрамында NIVEA-ның ерекше Q10 коэнзимі формуласы бар, ол терінің қорғаныс қабатын нығайтуға жәрдемдеседі.

Күннен қорғаныс: Күн сәулесі теріні қосымша сусыздандырып, жағдайын қиындатуы мүмкін, сондықтан күннен қорғау – терідегі ылғал деңгейін сақтау үшін өте маңызды. Теріні зиянды УК сәулелерден қорғау үшін жоғары SPF (күннен қорғау факторы) бар күннен қорғайтын кремді қолданыңыз.
Күнделікті SPF қолдану теріні әрі қарай зақымданудан сақтап, оның табиғи ылғалы мен гидратациясын ұстап тұруға көмектеседі. «Q10 Anti Age» SPF 50 бетке арналған ылғалдандырғыш кремі күннен пайда болған ұсақ сызықтар мен әжімдердің көрінуін азайтуға және алдын алуға көмектеседі.
Осы алдын алу шараларын ұстанып, NIVEA-ның ылғалдандыратын тері күтімі өнімдерін күнделікті тәртібіңізге енгізу арқылы сусызданған теріңіздің күйін жақсартып, анағұрлым сау әрі жарқыраған теріге ие бола аласыз.
Неліктен
Q10 ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ?
Q10 коэнзимі – тері жасушаларын қуаттандыруға және теріні жасартуға көмектесетін күшті антиоксидант. NIVEA Q10 желісі терінің әртүрлі түрінің қажеттілігін ескере отырып жасалған және жасушаларды зақымданудан қорғауға, қартаю белгілерін баяулатуға бағытталған. Бұл өнімдерді тері күтімі тәртібіңізге енгізу арқылы уақыт өте келе ұсақ сызықтар мен әжімдердің көрінуін азайтуға көмектесе аласыз.
Сусызданған тері
АЯҚТАРДА ЖӘНЕ ДЕНЕДЕ
Көп адамдар сусызданған теріні бетпен байланыстырады, бірақ дәл осындай мәселе аяқтарда және бүкіл денеде де жиі кездеседі.
Денедегі сусызданған теріні емдеуде арнайы дене күтімі өнімдерін қолдану тиімдірек болады, себебі дене терісі көбіне бет терісіне қарағанда қалыңырақ және ылғалды көбірек қажет етеді. Мысалы, құрамында C дәрумені мен Q10 коэнзимі бар NIVEA Q10 Firming Rich Body Lotion дене терісін ылғалдандырып, тегіс әрі жұмсақ сезім сыйлауға көмектеседі.

Сусызданған тері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ
Сусызданған тері – тері жасушаларында су жеткіліксіз болған кезде пайда болатын жағдай, оның салдарынан құрғақтық, қышу және күңгірт, солғын реңк байқалады. Жақсы жаңалық – дұрыс өмір салты мен күтім арқылы сусызданған терінің күйін айтарлықтай жақсартуға болады. Теріні іштен сумен қанықтыру, тұрақты түрде ылғалдандырғыш қолдану және күннен, қатал ауа райынан қорғау – терінің оңтайлы ылғалдануын қалпына келтіруге және сақтауға көмектеседі. Егер белгілер басылмаса немесе күшейе берсе, дәрігерге немесе дерматологқа қаралу маңызды.